Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

«Үкімет 11 қаңтарда ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені 

үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын бекітті. Ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, ережелердің бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында, дүйсенбіден күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз», - деді Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкес, заңдастырылатын көліктердің иелері утилизациялық алым төлемейді.

«Заңдастыру кезінде утилизациялық алым талап етілмейді. Көлік иелері тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды. Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен тиісті қағидалар мен талаптарға сай жүргізіледі. Біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек. Екіншіден, ол іздеуде болмауы тиіс. Үшіншіден, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Соңғысы - кедендік тексеруден өтуі керек», - деп түсіндірді Ішкі істер министрінің орынбасары.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті