Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен табылды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бұған дейін іздеу жарияланған Алена Пяткованың табылғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


СҚО-ның 1999 жылы туған тұрғыны Алена Пяткованың жоғалғанын бұған дейін айтқан едік. Волонтерлер ол туралы мәліметті әлеуметтік желіге орналастырып, іздеу жариялады. 10 қаңтар күні Мамлют қаласындағы үйінен Петропавлға жол тартқан бойжеткен содан хабарсыз кеткен. Тәртіп сақшылары Аленаның аман-есен табылғанын айтты.

«Бұл ақпаратты полицейлер тексерді. Әйелдің туыстары оны өз күшімен іздеп табуға тырысқан. 16 қаңтар күні олар аудандық полиция бөліміне жүгінді. Қазіргі уақытта жоғалған қызды полицейлер Петропавл қаласында екенін анықтады. Одан жауап алынып, табылғаны туралы туыстарына хабарланды. Қазіргі уақытта оның жоғалуының басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал 47 жастағы Мұрат Мұханжаров әлі күнге хабар-ошарсыз. Петропавл тұрғыны қазан айынан бастап іздестіріліп жатыр.

Ер адам, туыстарының айтуынша, телефон арқылы байланысқа шығып, Булаев қаласында жұмыс істеп жатқанын айтқан. Кейін телефоны сөндірулі болған.

Жоғалған ер адамды көрген-білгендер болса, 8 775 152 07 52, 8 775 631 48 11 және волонтерлердің 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі