АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Монтерей-Паркінде Қытай жаңа жылын тойлау кезінде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды BNO News-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, атыс сенбі, 21 қаңтар күні, 22:00-ден кейін (Астана уақыты бойынша 22 қаңтарда, 12:00-ден кейін) мыңдаған адам жиналған, қытайлық Жаңа жылды тойлау орнының жанында болған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғадан кем дегенде 16 адам жараланып, оның ішінде бірнеше адам қаза болған.
Куәгерлердің айтуынша, олар алдымен атыстың дауысын естіген, алайда оны мереке құрметіне арналған отшашу дауысы деп ойлаған. i24.news басылымының шұғыл әрекет ету қызметінің бастапқы есептеріне сүйене отырып ұсынған мәліметтеріне сәйкес, ТЖ салдарынан 16 адам жараланып, олардың екеуінің жағдайы ауыр халде көрінеді.
Сол сияқты басылым кем дегенде 10 адамның қаза болғанын айтады. Десе де оқиға болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, полиция әлі де қайтыс болғандардың нақты санын мәлім етпеген. Құтқарушылардың сөзінше бүгінде барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Бұдан бөлек басылым күдіктінің әлі де қамауға алынбағанын хабарлайды.
23-01-2023, 15:40
АҚШ-та Қытай жаңа жылын тойлау кезінде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз