Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Арменияда әскери бөлімде болған өрттен 15 адам қайтыс болды

Арменияның әскери бөлімдерінің бірінде қаңтардың 19-ына қараған түні өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер қаза болып, үш адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды елдің қорғаныс министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Sputnik Армения басылымының хабарлауынша, өрт Гегаркуниктегі Азат ауылының аумағында, инженерлік-саперлік ротаның казармасында болған. Басылымның дерегінше, өрт-құтқару жұмыстарына қарамастан тілсіз жаудан бірнеше адам қаза тапқан. Арменияның қорғаның министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер мерт болып, үш адам ауыр халде жатыр. Сонымен бірге басылым казармадағы өртті сөндіру үшін бес сағат уақыт кеткенін айтады.
Бұған қоса Армения президенті Ваагн Хачатурян екінші әскери корпус қолбасшысы Ваграм Григорянды отставкаға жібергендігі белгілі болды. Кейін Армения СК басшысы Аргишти Кярамян әскери бөлімшеде өрттің шығуына жанғыш заттармен, оның ішінде бензинмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмағандығын атап өтті.
Оның сөзінше қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, алдын ала болжам бойынша әскерилер бензинді пеште от жағу үшін қолданған. Ал ел премьер-министрі Никол Пашинян бұйрық бойынша, пеште от тұтату үшін, бензинді пайдалануға болмайтынын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді