Ведомство ұсынған мәліметтер сай, 26 жастағы Еламан Дәуенов мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Сонымен бірге ол 2022 жылдың 5 қаңтарында Абай көшесі, 34 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындарын құтқару жұмысына және өртті сөндіруге қатысқаны белгілі болды. ТЖМ дерегінше, сол кезде Еламан мен оның әріптестері бүлікшілердің шабуылына тап болған. Десе де өмірлеріне төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан, өрт сөндірушілер кейін шегінбей, азаматтық киім киіп, өртке оранған үйден тұрғындарды жоғарғы қабаттан эвакуациялап, тілсіз жауды толығымен сөндірген. Еламан Дәуенов отбасы және әріптестерімен.
Нәтижесінде олар 1939 жылғы зейнеткерді құтқарып, ауруханаға аман-есен жеткізген. Сонымен қатар, екі әйелді бүлікшілерден алып, 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі қауіпсіз жерге орналастырған. Осыған орай, Еламан Дәуенов қаңтар оқиғаларындағы қызмет барысында көрсеткен қайсарлығы, елдегі төтенше жағдай кезінде азаматтардың мүлкін қорғап, тұрғындарға көрсеткен қамқорлығы үшін Алматы қаласы әкімінің және қалалық кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатталған көрінеді. Еламан Дәуенов үшемдерді перзентханадан шығарып алу сәтінде.
"Мен үшемнің әкесі болатынымды білгенде қатты толқыдым. Әйелім екеуміз бұлай болуы мүмкін деп ойламадық. Әрине, қазіргі уақытта алаңдаушылық сезім бар. Кейбіреулер бір жаңа туған нәрестемен не істерін білмей жатады , ал бізде бірден үш сәби дүниеге келді", - дейді өрт сөндіруші.
Қазіргі таңда ТЖД басшылығы жас отабасыға қолдау көрсетіп, оған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берілген.