Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ташкентте суықтан зардап шеккен тұрғындарды құтқаруға ІІМ мен Ұлттық гврдия қосылды

Өзбекстан астанасында жалғасып жатқан аяз бен коммуналдық жүйелердегі күрделі проблемаларға байланысты ІІМ мен Ұлттық гвардия қызметкерлері суықтан зардап шеккен ташкенттіктерге көмек көрсетуге қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 16 қаңтарда халықты энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізгеннен кейін мәселені шешуге елдің Қорғаныс министрлігі, ІІМ және Ұлттық гвардия жұмылдырылды. 

Әр ауданда Ұлттық гвардия, ІІМ, ТЖМ жауапты қызметкерлері мен коммуналдық қызмет кәсіпорындарынан құралған штаб пен жұмыс тобы құрылды. 

Жұмыс топтарының міндетіне халықты электр энергиясымен, газбен, сумен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс сапасын тексеру; жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудегі үзілістердің себептерін анықтау және азаматтардың өтініштерін зерттеу, анықталған кемшіліктерді жою кіреді. 

Өзбекстанда 11 қаңтардан бастап республика бойынша ауа райы шамадан тыс суытты. Түнде 19-20 градусқа дейін, күндіз 17 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты барлық елді мекендерде электр энергиясы мен газды тұтыну бірнеше есеге артып, бұл өз кезегінде электр қуатының жаппай үзілуіне, тұрғын үйлерде газ қысымының төмендеуіне әкелді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 қаңтарда энергия ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі кеңейтілген кеңесте Өзбекстан президенті қысқа дайындықтың нашарлығы үшін бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметінен босатты. 

Дүйсенбіден бастап Қорғаныс министрлігі Ташкенттің барлық 11 ауданында халыққа ыстық тамақ пен шай тарататын әскери дала асханаларын орналастырды. Халыққа арналған мұндай орындар Ташкент, Наманған, Ферғана облыстарында да ұйымдастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді