Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өзбекстан Президенті Қарақалпақстандағы наразылық кезінде қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы тәртіпсіздіктер салдарынан бейбіт тұрғындар мен құқыққорғау органдары қызметкерлері арасында қаза тапқандар және зардап шеккендер бар екенін айтты, деп хабарлайды "Газета.uz"-ге сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Басылымның жазуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Өзбекстан басшысының айтуынша, 1 және 2 шілдеде шеруге шыққандар билік органдарының ғимараттарын басып алуға әрекет жасаған және "қаланың негізгі көшелерінің бойында талқандау әрекеттерін" жалғастырған.

"Қаладағы шеру кезінде олар инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай шығын келтірген. Ғимараттардың терезесін сындырып, өрт қойған. Бірнеше топ қару иемдену мақсатында Нүкіс қаласының ҚІІБ және Ұлттық гвардия басқармасының ғимараттарын басып алу әрекеттерін жасаған", - дейді ол.

Мирзиеевтің сөзінше, наразылық білдірушілер құқыққорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасап, оларға айтарлықтай дене жарақтын салған. Айта кетейік, Қарақалпақстан астанасы Нүкісте бірнеше күн бұрын Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге қарсы болғандар наразылыққа шыққан еді. 1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген.

Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген болатын. Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды. Одан бөлек Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимін енгізді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді