Телеарнаның хабарлауынша, бизнестің рейдерлік жолмен тартып алынғанын екі кәсіпкер мәлімдеген. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асады. Айыпталушы орындығында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, тағы екі адам бар. Олардың бірі - Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі, бірі адам ұрлау қылмысын жасады деп күдікке ілінген тұлға.
Ал белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұл іс бойынша жәбірленуші болып отыр. Тергеу мәліметінше, Гүлмира Сатыбалды сусын шығарумен айналысатын ірі компаниялардың акцияларын тартып алмақ болған. Сондай-ақ телернаның хабарлауынша, Гүлмира Сатыбалданың адвокаттары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және сот процесін Астанада өткізуді сұраған. Онда айыпталуышының өзі және істі тергеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бар.
Дегенмен, судья Гүлмира Сатыбалдыны қамаудан босатпаған. Бірақ қылмыстық іс бұдан былай елордада қаралатын болды.
"Гүлмира Сатыбалды 2020 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, Galanz Bottlers АҚ акцияларының 45,25 пайызын қайта жазуға мәжбүрлеген. Гүлмира Сатыбалды мен Батыршаев Өтебековтың қатысуымен Микешеваны ұрлауды ұйымдастырған. Оны Алматы облысы Жандосов ауылындағы яғни қала сыртында орналасқан үйге апарып, қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп, алдын ала дайындалған құжаттарға қол қойғызған", – дейді прокурор Акромат Мұхтаров.
Дереккөз: КТК арнасы