Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасы ісі бойынша вайнерлердің соты басталды

Алматыда қаржы пирамидасы ісі бойынша вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот процесі басталды. Бүгін бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сот отырысы Алмалы аудандық сотында онлайн режимінде өтті. Сотталушылар орындығында барлығы 12 адам болды, олардың арасында вайнерлер Тұребаев пен Шерниязов бар. Zoom қосымшасы арқылы сот отырысына барлығы 100 адам қатысты — бұл айыпталушылардың қорғаушылары мен туыстары, жәбірленушілер мен журналистер. Бұл сотқа қосылуға ниет білдіргендердің толық саны емес: қосымшаның шектеулеріне байланысты барлығы онлайн түрде қатыса алмады. Осы себепті алдын ала сот отырысында адвокаттар отырысты оффлайн режимінде өткізу туралы өтініш берді. Төребаев пен Шерниязов сияқты кейбір айыпталушылардың адвокаттары және кейбір айыпталушылардың өздері соттан бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұрады. Сотта алғашқылардың бірі болып Mudarabah Capital басшысы Руслан Бұрқанов сөз сөйледі. Ол барлық ақшаны қайтаратынын айтты. Сондай-ақ ол тағы бір сотталушы Алмас Құрманғалиевті бостандыққа шығармауды сұрады.
"Неге Дания Рахимова (сотталушы - ред. ескерт.), Шыңғыс Құрманғалиев қамауға алынбайды? Толық тергеуді сұраймын: негізгі қатысушылар жауапқа тартылмаған. 7 адам қамауда отыр — біз жарнама жасадық. Олар бізге назар аударды, өйткені бізде вайнерлер бар және олар туралы ғана айтады", — деді ол. 
Бұрқанов жәбірленушілердің "жақында ақшасы болатынын" айтып, қосымша тергеу жүргізуді сұрады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады