Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоғжанов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 
Өңір басшысы президентке облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріп, осы жылға арналған жоспарды таныстырған. Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай қалыптасқан. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және тұрғын үй құрылысы салаларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген.
Облыс әкімі президентке инвестиция тарту жөніндегі шаралар туралы да баяндаған. Өткізілген инвестициялық форумдардың нәтижесінде тек соңғы үш айда жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 12 меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары жандана түскен. Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық жерлерді дамытуға қатысты президент тапсырмасының орындалуы жөнінде мәлімет берген. Облыс әкімі өңірдегі 315 елдімекенді кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын атап өткен.
Оның сөзінше, аймақта "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны қаржыландыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар облыс әкімі "Білім All" жобасы аясында 10 мыңға жуық бала оқитын 120 шағын жинақты ауыл мектебінің білім сапасын арттыру шаралары қабылданып жатқанын айтқан. Кездесу соңында президент Ералы Тоғжановқа өңір инфрақұрылымын дамыту және облыс тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырған.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді