Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны артқан

2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздар саны 450,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% аз. ҚР-дағы жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан азайып келеді, ал 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш әлі де 1,9% жоғары, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
ҚР-дағы жұмыссыздық деңгейі бір жылда өзгерген жоқ, 2022 жылдың үшінші тоқсанында 4,9%-ды құрады, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 5%-ға, 2019 жылдың үшінші тоқсанында — 4,8%-ға жетті.

Өңірлер бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды: әрқайсында 5,3%. ҚР бойынша орташа деңгейден жоғары жұмыссыздық деңгейі Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында да болды: әрқайсында 5%.

ҚР өңірлері арасында жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Ұлытау облысында байқалды: 4,1%. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (4,3%) және Астана (4,5%).

ҚР қалаларындағы жұмыссыздық деңгейі ауылдарға қарағанда жоғары: тиісінше 4,8% және 4,9%. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендесе, ауылдарда керісінше өскен.

Қаладағы жұмыссыздар саны бір жылда 0,7% азайып, 271,2 мың адамға, ал ауылдық жерлерде 0,8% өсіп, 179,1 мың адамға жетті.

Гендерлік жағынан әйелдер жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары: 5,7% және 4,1%. Бұл 2012 жылдан бергі ең үлкен алшақтық. Бір жыл бұрын әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5% болса, ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3% болды.

Қазақстанда жұмыссыз әйелдердің саны бір жылда 4,3% өсіп, 2022 жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5% азайып, 192,9 мың адамға жетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты