Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуге инвестиция 18%-ға өсті

Биылғы қаңтар–қазан айларында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 168,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (ФКИ — 115,1%) құндық мәнде 18,1% артық, алайда 2020 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 16,1% аз, деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Өңірлер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына инвестицияның ең көп көлемі Астанаға түсті: 51,1 млрд теңге. Сондай-ақ Жамбыл (15,6 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (15,3 млрд теңге) облыстарында да айтарлықтай қаржы құйылды. Күрделі салымдардың ең аз көлемі Атырау және Ұлытау облыстарына тиесілі: тиісінше 447,6 млн және 496,6 млн теңге.


Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласына инвестицияның ең көп көлемі жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен: тиісінше 53,7 млрд және 53,4 млрд теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен құйылған инвестиция 35,1 млрд теңгені, банктік емес несиелер 21,5 млрд теңгені, банк несиелері 5,2 млрд теңгені ғана құрады.


Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылдың үшінші тоқсанында 245,2 мың теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден (299,8 мың теңге) 18,2% аз. Анықтама үшін: бір жыл бұрын айырмашылық 7,6% болған.


Саладағы жалақының сатып алу қабілеті 2021 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 6,4% төмендеді, жалпы ҚР-да бұл көрсеткіштің өсуі 5,8%-ды құрады.


Өңірлер бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ең жоғары жалақы Астана қаласында байқалды: 313,7 мың теңге — республикадағы саладағы орташа жалақыдан 27,9% артық. Ең төменгі көрсеткіш Шымкентте тіркелді: 212,7 мың теңге — ҚР бойынша орташа деңгейден 13,2% төмен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты