Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жұмыссыз жастар cаны азайған

Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 72,2 мың жұмыссыз жас бар, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% аз, деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жұмыссыз ерлер саны 28,1% азайып, 25,4 мың адамды құрады, ал жұмыссыз әйелдер саны, керісінше, 10,9% өсіп, 46,8 мың адамды құрады. Салыстыру үшін: 2021 жылдың үшінші тоқсанында елде 29 жасқа дейінгі 77,5 мың жұмыссыз адам болды, алдыңғы жылдан 6,9% аз. Жұмыссыз жастардың саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.


Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады: 12,5 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 10,6% аз.

Одан кейін Астана (7,8 мың адам, 16,9% көбейген) және Түркістан облысы (6,7 мың адам, 10,7% көбейген) кірді. Жас жұмыссыздардың ең азы Ұлытау өңірінде: бар болғаны 665 адам. Қазіргі уақытта бұл деректер жаңадан құрылған облыс статистикасының ерекшелігінен болуы мүмкін. Одан кейінгі орында Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары: сәйкесінше 1,4 мың және 1,5 мың адам.


Биылғы үшінші тоқсанында жұмыссыз жастардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеумен болды: 20,9 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 7,3% аз. Бір айдан аз уақыт жұмыс іздеп жүргендер саны 4,8%, 16,4 мың адамды құрады. Тағы 18,5 мың жұмыссыз 3 айдан 6 айға дейін, 7,5 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 8,8 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Mae
  • 31-05-2025, 02:14
  • : 02:14
Nicely put, Appreciate it. casino en ligne You said it nicely.! casino en ligne Kudos, I enjoy it! casino en ligne Regards, Very good information! casino en ligne francais Thanks. Plenty of forum posts. casino en ligne You've made the point! casino en ligne You reported it very well. casino en ligne Amazing a good deal of terrific information! casino en ligne francais Great postings, Regards! casino en ligne Nicely put. Many thanks! casino en ligne
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады