Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда серіктестік директоры жалған банкроттық дерегі бойынша сотталды

Атырауда серіктестік директоры әдейі банкроттық жариялағаны үшін сотталды. Ол өзі басқаратын ұйымның 49 млн теңге салығын төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Динислам» ЖШС-нің бұрынғы басшысына қатысты жалған банкроттық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеді. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

”Серіктестік директоры 2018-2021 жылдар аралығында кәсіпорынды төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізген. Осы мақсатта кәсіпорынның балансындағы автокөлік құралын, мүліктік масса болып табылатын есеп шоттағы қаражаттарды иеліктен шығарған. Сөйтіп, 49 млн теңге салық төлемі түріндегі кредиторлық берешегін төлеместен, серіктестікті әдейі банкроттыққа ұшыратқан”, - деп хабарлады департаменттің штаб басшысы Бекболат Әнесов. 

Сот үкімімен серіктестік директоры ҚР Қылмыстық кодексі 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған осы баппен кәсіптік мекемелерде басшы қызметімен айналысу құқығынан 1 жылға айыру, бас бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу жазасы тағайындалған. ”Биылғы жылдың 6 айда 25 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Департамент қызметкерлері 43 қылмыстық істі тергеп, 20 істі сотқа жолдады. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері – 1,3 млрд теңге. Бюджетке 495,3 млн теңге қайтарылды. 206,6 млн теңгенің мүлкіне тоқтам салынды. Жалпы, қайтарылған сома мөлшері – 701,9 млн теңге”, - дейді департаменттің штаб басшысы Бекболат Әнесов. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты