Әскери өмірде әскери жүргізуші маман иелерінің орны ерекше екендігін біз білеміз. Өйткені оларға соғыс және бейбіт уақыт кезінде жеке құрамды және әскери құралдармен керек жарақты тасмалдау жүктелген. Көбінде жеке құрамды тасымалдауға арналған жүк көліктерінің жүргізушілері үшін жауапкершілік тіптен жоғары. Себебі олар көлікте отырған жауынгердің өміріне де жауапты, деп жазады kazlenta.kz
Бүгін біз осындай жауапты қызметке қаншама сынақтан өтіп тағайындалып, бірнеше жылдан бері әскери техниканың нағыз маманы болып қызмет етіп келе жатқан 6656 әскери бөлімінің әскери жүргізушісі ефрейтор кіші сержант Кененбаев Нұрсұлтан Өмірәліұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке, батылдыққа тәрбиелеуге тырысқан. Осындай тарихы терең, текті халықтың ұрпағы – бүгінгі біздің кейіпкеріміз, кіші сержант Кененбаев Нұрсұлтан Өмірәліұлы 1993 жылы 23 наурызда Түркістан облысы Төлеби ауданы Ақайдар ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтанның әкесі Өмірәлі мен анасы Фарида жеті ұл – қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген батыр жандар.
Әкеміз бен анамыз отбасы бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжым екендігін түсініп, туған үйдің жылуы мен тәрбиесі балаларының көкірегінде, мәңгі сақталатындай етіп тәрбиелеген. Нұрсұлтан осындай текті де тәрбиелі үлкен от басында ең кенже ұл болып дүниеге келген.
Отбасының кенжесі Нұрсұлтан ауыл мектебінің табалдырығын 1999 жылы аттап, 2011 жылы жақсы бағамен аяқтап шыққан.
Мектепті бітірген жылдың желтоқсанында әскер қатарына шақырту алып, Ақтау қаласына 6656 әскери бөліміне мерзімдік қызметін өтеуге аттанады. Әскерде жүріп әскери қызметтің қыр-сырын сарбаздық кезден түсінеді. Осылайша өзінің Отан алдындағы борышын атқарып жүріп көп ойланып, өзінің өмірін әскери қызметпен жалғастыруды ұйғарады.
Отбасыға нағыз бақытты - саналы, тәрбиелі ұрпақ ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, өзімнің қызымды болмысына қарап бүкіл ел бой түзейтін ақылды, иманды, инабатты етіп тәрбиелеп өсіру менің аналық парызым дейді кейіпкеріміздің жары Нұргүл.
Әңгімемізді қортындылай келе, өздерінің ісімен көпке үлгі болып жүрген жанұяға жақсылық, ал Отан алдындағы әскери борышын адал да абыроймен атқарып жүрген кіші сержант Нұрсұлтан Кененбаевтың әрбір ісіне толағай табыстар мен береке тіледік.
Капитан, Ертуған Әубакир