Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды

Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі алғаш рет оқуға түсушілерді қабылдады. Оқуға еліміздің барлық өңірінен 15-17 жас аралығындағы 140 жасөспірім қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2021 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының «Жас ұлан» республикалық мектебі Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттарды даярлау мақсатында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж болып қайта құрылды.

Әскери колледжге оқуға түсу төрт кезеңді қамтиды. Олар психологиялық тестілеу, медициналық комиссия, дене шынықтыру даярлығын тексеру, сондай-ақ кандидаттарды қабылдау туралы конкурстық комиссияның қорытынды шешімі.


Қабылдау комиссиясының мүшелері іріктеу барысында әр үміткердің ісін мұқият зерделеді. Қорытынды конкурстық іріктеуде оқуға түсушілердің тізімі жасалды, оның негізінде оқуға 140 адам қабылданды.

Әскери оқу орны жаңа мәртебеде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын үш мамандық бойынша іске асырады. Олар: әскери істегі автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, әскери істегі кіші буын менеджменті. Оқу мерзімі екі жыл он ай.

  • Колледжде оқу – тегін. Оқушылар жатақханада тұрады және қажетті заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.
  • Оқу орнында болашақ әскери қызметшілерді оқыту процесін сапалы ұйымдастыруға және олардың дене бітімін жетілдіруге арналған соңғы үлгідегі оқу-материалдық базасы бар.
  • Түлектерге мамандық бойынша біліктілігі бар мемлекеттік үлгідегі диплом мен «кіші сержант» әскери атағы беріледі. Олар сержанттар құрамының түрлі лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады. Олардың мансаптық өсуі, сондай-ақ көп деңгейлі білім беру жүйесі шеңберінде, оның ішінде шет елде одан әрі оқу мүмкіндіктері бар.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді