Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлік бал өтті

Республика күні қарсаңында еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнында ұлттық мерекеге арналған шара өтті. Офицерлер осындай әсем вальс арқылы сыпайылық, талғампаздық пен бекзаттық әдептерін көрсете алды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Офицерлер балы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінеді. Жұптар арасындағы қарым-қатынастың тартымдылығы, әсемдігі мен ерекше талғамы да осы сәтте байқалады.

Джакомо Пуччинидің «Богема» операсынан Мюзетта ариясын орындаған Президенттік оркестрдің әншісі Әсел Модикешева бал басталар сәтте бәріне тамаша көңіл-күй сыйлады. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Ұлттық ұлан ансамблінің шығармашылық ұжымдары көрермендерге жарқын әсер қалдырды.


Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов басқарған қазылар алқасы офицерлер жұптарының жұбайларымен сөйлеген сөздерін бағалады.

– Бұл шараны Ұлттық мереке – Республика күніне арнадық. Әскерилер арасындағы офицерлік бал ежелден бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып табылады, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.

Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің мүшелері офицерлер балында үздік деп танылды. Жекелеген жұптар «Көркемдік», «Үйлесімділік», «Бірегейлік» және «Грация» аталымдары бойынша  марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі