Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Көкшетаудағы мектептерді тексерді

Жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы хабарлама алған полицейлер Көкшетау қаласының мектептерін тексеруде, деп хабарлайды kazlenta.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 28 қазанда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына №3 «Дарын» мектеп-интернатында жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы хабарлама келіп түскен. «Көрсетілген мекенжай бойынша полиция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер дереу келіп жетті. Мектеп аумағы қоршауға алынды. Оқушылар, оқытушылар құрамы және мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.


Жарылыс техниктері мен кинологтар мектепті толық зерттеді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Кейіннен полицияға басқа орта оқу орындарында жарылғыш құрылғылар бар екендігі туралы хабарламалар келіп түсті, онда тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция азаматтардан дүрбелеңге түспеуді, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды»,-делінген хабарламада.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді