Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Гавай аралдарында әлемдегі ең үлкен жанартаудың бірі атқылай бастады

Әлемдегі ең үлкен белсенді жанартаулардың бірі - Мауна Лоа атқылай бастады. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

27 қараша күні шамамен сағат 23:30-да (Астана уақыты бойынша 28 қараша 15:30) Гавайи жанартаулары ұлттық паркінің аумағындағы Мауна Лоа жанартау шыңындағы кальдера (кальдера – дөңгелек пішінді жанартау тегі кең ойпаты) Мокуавеовеода атқылай бастаған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, лава ағындары қазір шыңның айналасында шоғырланған және баурайдан төмен орналасқан елді мекендерге қауіп төндірмейді. Алайда желдің әсерінен жанартау газы мен ұсақ күл ұшқындары тұрғындарға жетуі мүмкін. Мауна-Лоа атқылауының бастапқы кезеңдері өте белсенді болуы мүмкін, ал лава ағындарының орналасуы мен қозғалысы тез өзгеруі ғажап емес.

Planet of Hotels сайтының хабарлауынша, Мауна Лоа – планетадағы ең үлкен белсенді жанартаулардың бірі. Ол Гавайи аралында немесе Үлкен аралда орналасқан. Бұл Гавайи штатын (АҚШ) құрайтын сегіз Гавай аралдарының бірі. Мауна Лоа сол аралдың басқа жанартауларымен іргелес: солтүстігінде Мауна Кеа, оңтүстігінде Килауза. Мауна Лоа қалқан жанартауларына жатады. Бұл дөңес қалқан түріндегі жұмсақ пішінді геологиялық түзіліс. Мауна Лоаның биіктігі теңіз деңгейінен 4169 метр биіктікте орналасқан. Таудың табаны су астында 5791 метр тереңдікте жатыр. Нәтижесінде Мауна Лоа жанартауының жалпы биіктігі 9960 метрді құрайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады