Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Индонезиядағы жер сілкінісі: 160-тан астам адам қаза тауып, із-түссіз жоғалғандар бар

Дүйсенбі, 21 қарашада Индонезияның Батыс Ява провинциясында күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан бір жарым жүзден астам адам қаза тауып, 330-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Басылымның хабарлауынша, күші 5,6 балдық жер сілкінісі салдарынан 162 адам қаза тапқан. Провинция губернаторы Ридван Камилдің БАҚ-қа берген мәліметінше, 326-ға жуық адам әртүрлі жарақат алған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі кеше Батыс Яваның Чанжур аймағында 10 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісі салдарынан 13 782 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың барлығы 14 босқын лагеріне орналастырылатыны атап өтілді. Сондай-ақ кемімнде 2345 үй зардап шеккені хабарлануда. Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттіктің жергілікті филиалының мәліметінше, төрт мектеп пен 52 үй қирап, мешіт пен аурухана ғимараты қатты зақымданған.

Басылымның хабарлауынша, баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде губернатор қаза болғандар саны артуы мүмкін екенін айтқан. "Оқиға орнында әлі де тұрғындар көп, жараланғандар мен қаза тапқандар саны уақыт өткен сайын көбейеді деп болжаймыз", - деді ресми өкіл. Оның айтуынша, үйінді астында қалған кейбір тұрғындарға құтқарушылар әлі де жете алмай отыр. Бұл ретте ол қосымша жер асты дүмпулерінің болуы мүмкін екенін атап өткен.

Индонезия "От сақинасында", яғни, Тынық мұхитының айналасындағы белдеуде орналасқаны белгілі. Бұл жиі жер сілкінісі мен жанартау белсенділігін тудырады. Бұл Тынық мұхитының бір жағында Жапония мен Индонезиядан, екінші жағында Калифорния мен Оңтүстік Америкаға дейін созылып жатқан планетадағы ең сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі. 2004 жылы Индонезияның солтүстігіндегі Суматра аралында 9,1 балдық жер сілкінісі болып, 14 ел цунамидан зардап шеккен. Салдарынан Үнді мұхиты жағалауында 226 000 адам қаза тапты. Құрбандардың жартысынан көбі Индонезиядан еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті