Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еуропарламент Ресейді терроризмнің демеушісі деп таныды

Еуропарламент Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тану туралы қарарды қолдады. Дауыс беру кезінде қарарды депутаттардың басым бөлігі қолдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Қаулыны 494 парламентарий қолдаса, 58 адам қарсы дауыс беріп, тағы 44 депутат қалыс қалды. Еуропарламент депутаттарының пікірінше, "Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы қасақана шабуылдар мен зұлымдықтар, азаматтық инфрақұрылымды қирату және халықаралық, гуманитарлық құқықпен және өзге де құқықтың өрескел бұзылуы лаңкестік әрекеттерге жатады және әскери қылмыстар болып табылады".

"Осыған байланысты олар (парламентшілер – ред.) Ресейді терроризмді демеуші мемлекет және терроризм құралдарын пайдаланатын мемлекет деп таниды", — делінген хабарламада. Еуропарламенттің бұл шешіміне Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де пікір білдірді. "Мен Еуропарламенттің Ресейді терроризмнің демеушісі және терроризм құралдарын пайдаланатын мемлекет деп тану туралы шешімін құптаймын. Ресейдің Украинада және бүкіл әлемде ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан терроризм саясатын тоқтату үшін барлық деңгейде оқшауланып, жауапкершілікке тартылуы керек, — деп жазды Зеленский. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді