Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралдағы ірі консерв зауытына қатысты дау әле өз шешімін таппады

Оралда ірі консерв зауытына қатысты шыққан даудан қарапайым халық зардап шегуде. Қала әкімдігі мен зауыт басшылары арасындағы екі жылға созылған дауға жақын күндері нүкте қойылмақ. Бүгінгі сот процесінде жарыссөзге жүзге жуық отбасы мен қос тараптың қорғаушылары қатысып, соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Осы мәселеге қатысты телеарнаға пікір білдірген адвокат Базарбек Бақытжанның айтуынша, қалалық әкімдік консерві зауытының жанынан тұрғын үй кешенінінің құрылысын жүргізуге рұқсат берген. Нәтижесінде бірнеше көп қабатты үй бой көтеріп, тұрғындар қоныстанған. Телернаның хабарлауынша, егер шағымданушылардың талабы қанағаттандырылмаса, "Кублей" консерві зауыты жабылуы мүмкін. Сондай-ақ 100-ден аса адам жұмыссыз қалуы ықтимал көрінеді. "Жауапкершілікке бұрынғы әкімді және қазіргі облыс әкімі аппаратының басшысын тарту керек. Өйткені ол құрылысты жүргізуге рұқсат берілген қаулыға қол қойған. Ал сот әкімдік мүддесін қорғаса, онда мыңдаған адам нәпақасынан айырылады", – дейді адвокат Бақытжан Базарбек телеарнаға сұхбатында.

Сот отырысында зауыт маңындағы жерде құрылыс жүргізген компания өкілдері құрылыстың заңды екенін, даулы мәселеге еш негіз жоқ екенін айтқан. "Бұл жерде 1987 жылдан бері салынған үйлер бар. "Кублей" зауыты 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Алайда сол ескі үйлерге қатысты неге мәселе көтерілмейді? Сол себепті құрылыс заңды. Бұл жерде даулы мәселеге еш негіз жоқ", – дейді құрылыс компаниясының өкілі Светлана Кленина. Сондай-ақ сот отырысына үйсіз қалуы мүмкін жүздеген отбасы мүшелері де қатысқан.

"Бір ғана ұсыныс айтып кеттім - қарапайым халықты қаңғытып қоймаса екен. Сот әділ шешім шығарады деп ойлаймыз. Екі жылдың ішінде күтіп-күтіп, өмірден озып кеткен адамдар болды", – деді тұрғын Ләззәт Намазова Осылайша қыруар қаржы салған жұрт тығырыққа тірелген. Тұрғындар тек әділ шешімнің шыққанын қалайды. Бірнеше жылға созылған даулы мәселеге сот бірер күнде нүкте қоюға тиіс. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді