Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әкімдік тұрғындарды заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмауға шақырды

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, пәтер сатып аларда үлескерлерді алдау жиі кездеседі. Мәселен, әкімдіктің атап өтуінше, Қарағайлы шағын ауданындағы "Французский дом" тұрғын үй кешені рұқсат құжатынсыз салынып жатыр әрі меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салып жатыр.

"Шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1 бөлігі және 321-бап бойынша жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты биылғы жылдың 19 қазанына дейін жою туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеуден өтуде", – дейді қалалық әкімдіктің өкілдері.

Сонымен қатар әкімдік қосымша басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдағанын атап өтті. Осы орайда әкімдік жылжымайтын мүлікті сатып аларда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаты бар-жоғын тексеріп алу қажеттігін еске салды. Ақпарат алу үшін: +7 (727) 229-81-36 телефон нөміріне хабарласуға болады. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Наурызбай ауданында заңсыз салынған "Жайсан" тұрғын үй кешені сүрілетінін хабарлаған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті