Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Стамбулда тағы бір жарылыс болды

Түркияның ең ірі қаласы Стамбулда тағы да жарылыс болды. Жарылысқа көліктің техникалық ақауы себеп болған деген болжам бар, деп хабарлайды kazlenta.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдарға сүйенген агенттіктің хабарлауынша, оқыс оқиға қаланың негізгі тарихи-мәдени көрікті жері, атап айтқанда, Сұлтанахмет алаңы мен бірқатар әйгілі мешіт орналасқан Фатих ауданында болған. Өртке көліктің техникалық ақауы себеп болды деген болжам бар. Алдымен көлік өртеніп кеткен, кейін жалын тағы үш көлікті шарпыған. Олардың біреуі жарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Өрт шыққан көлік иесінің айтуынша, көлікте келе жатқанда дизель отынының иісі шыққан.

Жүргізуші банкоматтан ақша алу үшін көлігінен түскенде көп ұзамай көлік өртеніп, өрт басқа көліктерді де шарпыған. Оқиға орнына жеткен полицейлер өрт сөндірушілермен кеңесе отырып, лаңкестік әрекет немесе өрт қою фактісін көрсететін ешқандай дәлел таппаған, деп жазады басылым. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жанармай иісін сезген көлік жүргізушісі жол жиегіне тоқтап, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Оның көлігін шарпыған жалын көп ұзамай басқа көліктерге де өтіп, оқиға орнына жақын маңдағы ғимарат пен банкоматты зақымдаған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді