Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыс себебін айтты

Бас прокуратура Қостанайдағы "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс пен өртке қатысты тергеуді жалғастыруда. Төрт адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған төтенше жағдайдың себебі белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Оқыс жағдай 3 қыркүйекте орын алған. Өрт салдарынан 11 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болған. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлерге де зақым келді. "Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан "Сокол" маркалы 40 келі оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.

Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар жарылыс оқ-дәрінің тұтануынан болған, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесі анықталуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады