Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда газ тапшылығы орын алды

Оралда көлік жүргізушілері кейбір жанармай құю бекеттерінде газ тек талон арқылы берілетінін айтып, шағымдануда. Салдарынан жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Басылымның хабарлауынша, кейбір жанармай құю бекеттерінде газ мүлде жоқ, ал кейбірінен сатып алу үшін көлік жүргізушілері кезекке тұруға мәжбүр. Журналистер бұның себебін білу үшін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүгінгенімен, басқарма айдың басындағы деректерді келтірген.

"2 қарашадағы жағдай бойынша газ толтыратын бекеттердегі қалдық 180 тоннаны құрайды", – дейді басқарма басшысы Миржан Нұртазиев. Сондай-ақ, ведомство бекітілген жоспар бойынша қараша айында БҚО-ға 3,4 мың тонна сұйытылған газ жеткізілуі тиіс болғанын атап өткен. Алайда қазан айының соңында Атырау мұнай өңдеу зауыты Энергетика министрлігіне газ өндіру көлемінің азайғаны туралы хабарлаған. "Осыған байланысты түпкілікті сатып алушылар үшін (ГҚС, ЖҚС) жеткізу жоспары аясындағы көлем біркелкі 35 пайызға төмендейтін болады", – дейді Нұртазиев.

Сәйкесінше, қараша айында Батыс Қазақстан облысына 2,2 мың тонна сұйытылған газ жеткізілуі тиіс. "Сегізінші қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты 7-14 қараша аралығында технологиялық қондырғыларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. ЖШС-нің толық қуатпен жұмыс істеуі және БҚО тұтынушылары үшін жөнелтілімдерді жіберу мерзімі шамамен 18 қарашаға жоспарланып отыр", – деп қосты Миржан Нұртазиев. Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының тұрғындары да автогаз тапшылығын сезінген еді. Өткен аптада атыраулық көлік жүргізушілері де жанармай құю бекеттерінде газ не мүлде жоқ, не тек талон арқылы берілетінін айтып, шағымданды. Ол кезде тапшылық мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жұмыстармен байланысты екені айтылды. Мәселені Ақтөбе облысынан қосымша отын жеткізу арқылы шешу жоспарланған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді