Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтаулық ұстаздар дәлізде жұмыс істеуге мәжбүр

Ақтаудағы мектептердің бірінде сынып бөлмелерінің жетіспеушілігінен мұғалімдер дәлізде жұмыс істеуге мәжбүр. 1600 оқушыға есептелген мектепте іс жүзінде 3500-ден астам бала бар, деп хабарлайды kazlenta.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Кабинеттердің жоқтығынан мұғалімдер мұғалім бөлмесін басқа сыныпқа беріп, бірінші қабаттағы дәлізден өздеріне орын ұйымдастыруға мәжбүр болып отыр. "Қазір бізде мұғалімдер бөлмесі жоқ. Дәлізде отырып дәптер тексеруге мәжбүрміз. Әрине, мұның бәрі қиындық тудырады. Соған қарамастан жұмысымызды жалғастырудамыз", – дейді ұстаз Раушан Әбілова. 

Тіпті қосалқы бөлмелер мектептегі оқу кабинеттеріне берілген. Мәселен, қойманы еңбек сыныбына айналдырған, бірақ кабинет тар, тақтай жоқ, жылыту да әлсіз. "Бізде көрші ауылдың балалары оқиды, мысалы, Мұнайлы ауданынан келеді. Түпқараған ауданына қарасты Телман, Ақшұқыр ауылдарынан мектеп оқушылары оқуға келеді. Көрші ықшамаудандардан бізде 900-ге жуық бала білім алады. Жүктеме үлкен, – деп түсіндірді директордың міндетін атқарушы Орынбасар Наурызбаев.

Білім ошағы – бүкіл шағын ауданға ортақ жалғыз мектеп. Маңайдағы жаңа аудандарда әлі мектеп жоқ. Маңғыстау облысында үш ауысымда оқитын осындай 18 мекеме бар. "Онда үшінші ауысымда 5 мыңнан астам бала оқиды. Сондай-ақ 43-ші оқу орнында бізде орын жоқ, онда 8 мыңнан астам оқушы оқиды. Қазірдің өзінде 20 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр, Мұнайлы ауданында екі мектеп және Ақтау қаласында әрқайсысы 1200 орындық екі мектептің құрылысы, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды