Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордадағы мектептердің бірінде 18 бірінші сынып ашылды

Елордадағы №83 мектепте биыл 18 бірінші сынып ашылды. Бұл - астанадағы Алматы ауданында орыс тілінде оқытатын жалғыз мектеп. Сол себепті мектеп оқушылары үш ауысымда оқуға мәжбүр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Телеарна мәліметінше, ата-аналар оқушы санының көптігіне байланысты балаларының үш ауысымда оқитынына наразы, өйткені енді олар мектептен кешкі сағат 10-дар шамасында қайтатын болады. "Мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер салынып, көпбалалы отбасыларға берілді. Сондықтан бұл мектепте 4-5 мыңға жуық бала бар. Үш ауысыммен оқиды. Біз алты күн оқимыз, бізге хабарлап айтты. Менің екі балам – үшінші және төртінші сыныпта, сағат үштен кешкі 8-9-ға дейін оқиды", – дейді ата-аналардың бірі Айгүл Дүйсенбинова. Ата-аналардың сөзінше, олардың арыз-шағымдарына ешкім мән беріп жатқан жоқ.

Сонымен қатар, телеарна дерегінше, мектеп әкімшілігі үлкендерден үйлеріне кеш қайтып келетін балалары үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатыны туралы өтініш жаздырып алған. Мектеп директоры телеарнаға небәрі 1200 орынға есептелген білім ордасының жүктемесі көп екенін растаған. Мектеп бар болғаны алты жыл бұрын салынған, ол кезде 372 бала ғана мектепке барып жүрген. Бүгінде олардың саны 10 есе өскен. Барып жүрген 4,5 мың баланың бәрі осы мектепке қарайтын ауданда тіркеуде тұр. "Біздің аудан - ерекше аудан. Соңғы бес жылда мыңдаған пәтер пайдалануға берілген. Балалар біздің шағынауданда тұрады. Сондықтан балаларды қабылдамауға моральдық және заңды құқығым жоқ. Бізге балаларын әкелген ата-аналарға мен мектепті аралап көрсетіп, балаларды қандай тар мектепте оқытып жатқанымызды көрсетемін", - дейді №83 мектеп-гимназиясының директорының меңгерушісі Сәуле Теменова.

Мектеп әкімшілігі бұл мәселенің бір шешемін табу үшін 600 орындық қосымша ғимарат салуды жоспарлап отыр. Осылайша, мектеп екі мыңнан оқушыны ек ауысыммен оқыта алады. Дегенмен, бұл уақытша шешім. Ресми деректер бойынша, елордалық 100 мектептің 15-і осындай мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Биыл Нұр-Сұлтанда бірінші сыныпқа барушылардың саны тағы да рекордтық көрсеткішке жеткен. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді