Айтжан ақсақал ардаргерлер арасындағы әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Ол енді атағын қорғап қалу үшін барын салмақ. Қария жаттығу залына күнде келеді. Оның мақсаты - әлемдік жарыста сәтті өнер көрсету.
"Жас кезімде өте әлсіз болдым. Әскердегі лақтыру әдісінен соң құлап, тұра алмайтын едім. Сол кезде өзімді қандай еркекпін деп, кінәлағаным рас. Ұят болды. Бізбен бірге Женяның да борышын өтегені жақсы болды. Ол ауыр атлетикадан спорт шебері еді, мені де жаттықтыра бастады", - дейді Айтжан ақсақал.
Қария әскерден соң да зілтемірді ұмытпай, ауыр атлетикадан спорт шебері дәрежесіне дейін жеткен. Кейін отбасы мен жұмыстан босамай, металлургиялық комбинатта спорттан алыстап қалған. Десе де, араға 30 жыл салып, 66 жасында жаттығу залына қайта оралған. Айтжан Ысқақов Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін рекордшысы әрі абсолютті чемпионы.