Ведомствоның хабарлауынша, 48 жастағы ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. 4 баланың әкесі алған дене жарақатынан бақилық болған. Аталған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"2022 жылғы 7 шілдеде Жедел басқару орталығының "102" арнасына қалалық жедел жәрдем бригадасынан 48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында оның ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Аталған жайт Еңбекші ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-ға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.