Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда мектеп оқушысын қорқытқан мектеп директорына сөгіс жарияланды

Қостанай облысындағы ауыл мектебінің директоры оқушыны қорқытқаны үшін сөгіс алды. Қазір бұл істі полицейлер тексеруде, деп хабарлайды ТоболИнфо басылымынасілтемежасаған kazlenta.kz

Білім мекемесінің басшысымен әңгімесін баланың өзі диктофонға жазып алып, интернетке жариялаған. Жазбада директордың оқушыға дауыс көтеріп, "басын унитазбен жарамын" деп қорқытқаны естіледі.

"Мен ешкіммен қалжыңдаспаймын, мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеймін, сен сияқтылармен не істегенімді білесің... Мен басын унитазға тығып жіберуім де мүмкін. Келесі жолы унитазбен басыңды жарсам, ешкім білмей қалады. Сүрінсең, айтайын. Мен сенімен қалжыңдаспаймын, бұл соңғы рет болсын", - деп келтіреді басылым директор сөзін.
 
Облыстық білім басқармасы мектеп директорының педагогикалық әдепті бұзу фактісі орын алғанын мойындаған. "Бұл оқиға оқушылардың мектеп мүлкіне бірнеше рет зиян келтіру фактілерінен кейін орын алды. Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, онда директор кешірім сұрап, тараптар татуласты. Қостанай аудандық білім бөлімінің Әдеп жөніндегі кеңесі осы мәселе бойынша шешім қабылдады. Директорға сөгіс жарияланды", - деп хабарлады Қостанай облысы Білім басқармасының баспасөз хатшысы. Басылымның мәліметінше, оқиғаны қазір полиция тексеріп жатыр. Оған құқық қорғау органдары тиісті бағасын береді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты