Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен араб әмірліктеріне ресми сапары аясында "Әл-Бахр" сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Үкімет басшысы БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтқан, деп хабарлайды primeminister.kz.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өткен. "Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз.

Сондай-ақ Біріккен араб әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз", — деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек премьер-министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтқан. "Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір.

Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар премьер-министр БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 млн доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтқан.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен араб әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өткен. "Мен екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын толық қолдаймын", — деген БАӘ президенті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды