Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстан кейін қаза тапқандар саны артты

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі шекарадағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 59 адамға жеткенін хабарлады. Ал Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі қақтығыс кезінде 28 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді, деп жазады kazlenta.kz

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған 24.kg агенттігінің хабарлауынша, Баткен облысының денсаулық сақтау мекемесіне тағы 13 марқұмның денесі жеткізілген. Осылайша, қақтығыс кезінде қаза болғандардың жалпы саны 59 адамға жеткен. "Баткен облысындағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 59 адамға жетті", – деп жазады басылым. Бұған дейін қырғыз тарапы Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 36 адамға жеткенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, шекарадағы қарулы қақтығыс салдарынан денсаулық сақтау ұйымдарына тағы 15 зардап шегуші түскен. Қазір қақтығыс кезінде жараланғандардың жалпы саны 144 адамға жетіп отыр, оның 102-сі Бішкек пен Ошқа жеткізілсе, жетеуі амбулаторлық емделуге жіберілген. Сондай-ақ Sputnik Тәжікстан елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны анықталғанын жазды.

"Жедел жәрдем көлігіне, мектеп пен мешітке оқ жаудыру салдарынан 28 бейбіт тұрғын қаза тапты, оның ішінде балалар да бар. 16 қыркүйек күні қырғыз тарапы Зумруд және Овчикалъач елдімекендерінде БТР-мен жедел жәрдем көлігін атқан болатын", – делінген хабарламада. Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, атыс кезінде бір отбасының бес мүшесі қаза тапқан, оның ішінде екі бала бар. Сондай-ақ фельдшер мен көлік жүргізушісі көз жұмған. Естеріңізге салайық тәжік және қырғыз шекарашылары арасында қақтығыс 14 қыркүйек күні басталды. Қыркүйектің 16-сы күні Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекарадан әскерді шығаруға келісті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді