"Алдын ала ақпарат бойынша оқыс оқиғадан 16 адам қаза тапқан. Олардың 14-і Қырғызстан азаматы. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Олардың қай елдің азаматтары екені анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Басылымның мәліметінше, оқиға орнына Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері аттанған. Сонымен қатар елшілік қаза болғандар мен зардап шеккендердің жақындары үшін "жедел желі" қызметін іске қосқан. "Жедел желіге" +7 (926) 861 50 98 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі де "жедел желі" қызметін іске қосқан: +996 551 312-000.
Еске сала кетейік, 16 адам қаза тапқан жол апаты 21 тамызда Ульянов облысындағы тасжолда болды. Sputnik Қырғызстанның жазуынша, полицияның алдын ала мәліметі бойынша жүк көлігі шағын автобусқа келіп соқтығысқан. Салдарынан шағын автобус екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалған. Бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақ болғандар Қазақстан азаматы деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.