Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы мен Алматы облысындағы сот ғимараттарында бомба қойылуына байланысты тексеру жүргізілді

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша бірнеше сотқа ғимараттарға бомба қойылғаны туралы электронды хат келген. Аты-жөні белгісіз ер адам билікке ультиматум қойған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомстоның хабарлауынша, ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдаған. "Ол билікке ультиматум қойды", - делінген хабарламада. Ведомство хабарлама бойынша тексеру жүргізілгенін мәлім етті. 

Алматы қалалық полиция департаментінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, жасырылған бомбалар туралы барлық хабарлама жалған болып шықты. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, биыл полиция қызметкерлері жасырылған бомба туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған. 

Жыл басынан бері "миналау" туралы хабар бергені үшін 11 адам сотталған, оның алтауы бас бостандығынан айырылған. Ведомствоның дерегінше, кейбір жағдайда "бомбалаушылар" шетелден хабарласады. "Шетелдік серіктестерден мәліметтерді Бас прокуратура арқылы алуына қарай шет елдердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмалары іске асырылады. Мұндай тапсырмалар Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаға жіберілді", - делінген хабарламада.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты