Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин мен Қырғызстан Республикасы, Шу облысы Ішкі істер басқармасының бастығы С.Асанәлиевпен және Талас облысы ІІБ бастығы М.Асановпен жиналыс өтті.
Кездесу барысында қылмыспен күрес және өңірлердің ішкі қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралып, екі жақтың да қол жеткізуге ниетті мақсаттары айтылды.
- Қылмысқа, экстремизмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша тараптардың өзара қатысуымен жүргізілген жұмыс айтарлықтай нәтиже береді, - деп атап өтті А.Баймурзин.
2022 жылы Жамбыл облысының аумағында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан 11 қылмыскердің орналасқан жері анықталды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу облысының тұрғынынан Тараз қаласында сатып алынған 20-дан астам ұрланған телефон табылды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастамасымен әзірленген мал ұрлығы пайызын азайтуға бағытталған малды елге кіргізу және шығару базасы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы мемлекеттік шекара арқылы заңсыз мал ұрлығының 11 фактісі анықталды.
Жамбыл облысында айыппұлдары бар, бірақ Қырғыз Республикасында тіркелген көлік құралдарын анықтау бойынша мақсаттар қойылды. Жақын арада аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Жұмыс кеңесі барысында жедел ақпарат алмасу, мүдделі тараптардың ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын шекара жақын орналасқан аудандық тірек пункттерінің бастықтарымен және учаскелік пункттермен жұмыс мәселелері қаралды.
Қырғызстан мен Қазақстан экономикалық, сондай — ақ әскери-саяси сияқты көптеген өңірлік ұйымдардың одақтастары, мүшелері. Оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Түркі кеңесі бар. Осындай кездесулер шекара маңындағы аудандардың ынтымақтастығын дамытуға, қылмыспен байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен жұмысты талқылауға жақсы әсер етеді.