1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жасайды. Осы орайда президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми "Борт N1" арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын қайдан көруге болатынын мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады", - делінген хабарламада.
31-08-2022, 10:09
Президенттің Қазақстан халқына жолдауын қайдан көруге болады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз