Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президенттің Әзербайжанға ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды БОРТ№1 Telegram-каналы. 

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев жылы қоштасқан. Еске сала кетейік, 24 тамызда Қасым Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы ең алдымен ел президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Кейін олар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, екі ел арасында маңызды бірқатар құжатқа қол қойды. 

Одан бөлек Қасым Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ мемлекет басшысы Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға да гүл шоғын қойды. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді. Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті