Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Танымал диджей Imanbek веб-сериалға түседі

Әйгілі диджей Иманбек Зейкенов Salem social media киностудиясының «Зауыт» (түсірілім барысындағы атауы) веб-сериалына түседі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Грэмми беделді жүлдесінің иесі сериалдың негізгі актерлік құрамына енді.


Компания мәліметінше, Иманбек сериалда болашағынан үміт күттіретін маман рөлін сомдайды. Онымен сюжеттік желіге блогерлер Хакім Мұкарам мен Ілияс Көпжасаров түседі. Қазіргі уақытта Иманбек жобадағы түсірілім жұмыстарын аяқтап үлгерді.


Сондай-ақ танымал актерлер Қобыланды Болат пен Аружан Жазылбекова басты рөлде ойнайды.


Веб-сериалда бай отбасынан шыққан ерке жігіт Олжастың (Қобыланды Болат) оқиғасы туралы баяндалады. Жігіт кезекті теріс әрекеті үшін павлодарлық зауытқа қарапайым жұмысшы болып жіберіледі. Басты кейіпкер онда жаңа адамдармен танысып, өмірдегі маңызды мақсаттарға қол жеткізеді.


Картина түсірілімі 3 тамызда басталды және 22 күнге жалғасады. Релизі биылғы жылдың күзінде шығатыны жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі