Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде оңалту орталығында егіз балалар дене жарақатын алған

Ақтөбедегі жеке оңалту орталығына ем алуға егіз ұлдарын жіберген ана жанайқайын жеткізді. Айтуынша, орталықта бір ұлы бақайын шығарып алса, екіншісінің иық сүйегі сынған, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Телеарнаның хабарлауынша, Гүлбану Жанбозова туғаннан психикалық дамуында ауытқуы бар егіз ұлдарын шілдеде оңалту орталығына ем алуға жатқызған. Әуелі бір ұлы бақайы шығып кетіп, үйіне жылап келген. Ал он күннен соң екінші ұлы сол орталықта иғын сындырған. "Маған түсіндіргендері бала әткеншектен құлап қалып, байқаусызда сындырды деді. Бірақ ешқандай жедел жәрдем шақыртпапты. Өздерінің көлігімен апарайыншы деп көмектесуге болады ғой. Біз жаяу үйге бардық. Үйде бала бақырып жылап, жедел жәрдем шақырттық. Адамгершілік деген болады ғой. Тіпті кешірім сұрған жоқ. Сөйлеспейді де", - дейді Гүлбану Жанбозова. Телеарнаның мәліметінше, қазір зардап шеккен баланың иығына гипс салынған. Оны шешкеннен соң қайта оңалту шараларын жалғастыру керек екен. Оған қаржы қажет. Егіз ұлдардың анасы оңалту орталығынан ем-шара үшін төлеген қаражатты қайтаруды сұраған. "Бірінші кезекте менің айтқаным - біздің ақшамызды қайтарыңыз және де ем-шараның шығынын, бәрін төлеңіз, ең болмаса, ананың алдында кешірім сұраңыз дедім. Екі бала бірдей бізге де ауыр ғой. Ол бала гипспен ұйықтай алмайды. Қиналады", - дейді Гүлбану Жанбозова.

Ал оңалту орталығының басшылығы балалардың орталықта осындайға жағдайға душар болғанын мойындайды. Бірақ бастапқыда олардың орталықта жарақат алғанын білмегенін жеткізді. Мекемедегілер телеарнаға балалардың қандай жағдайда жарақат алғанын да айтып берген. Бірінші бала есіктің босағасына аяғын соғып, бақайын шығарып алса, екіншісінің әткеншектен құлаған кезде иғы сынған.

"Балалар орталықта болғанда олардың дене жарақаттарын алғанын білген жоқпыз. Кейін ауруханаға барғаннан кейін анықталды. Елу мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге дайынбыз. Балаларын жұбатсын деп шақыртқанбыз, анасын. Біз балаларға әрі қарайда оңалту қызметін, массаж, тағы басқа ем-шараларын ұсына аламыз. Көмектесуге дайынбыз", - дейді оңалту орталығының директоры Руслан Қазыбаев.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты тексеру шараларын жүргізетіндігін мәлім еткен. Сонымен бірге балалардың алдағы уақытта тегін ем алуына да көмектеспек. "Бұл балалар осы қыркүйек айында облыс деңгейінде реаблитациялық орталықта ем алады. Желтоқсан айында республикалық оңалту орталығында ем алу үшін жоспарлы түрде порталға қойып, осы екі баланы жібереміз", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева. Телеарна дерегінше, балалардың анасы полицияға арызданған.

Авторы: Б. Рақметова скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді