Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жарылыстан құтқарып қалды

Қоғамдық тамақтану орнынан қою түтін будақтап жатқанын байқаған әскери қызметші жарылыстың алдын алу үшін газ балондары мен тез тұтанатын заттарды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер келгенше жалынмен жалғыз күресті, деп хабарлайды kazlenta.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға 13 тамызда Алматы облысындағы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Алайда, әскери қызметшінің бұл ерлігі жуырда ғана кафе иелерінің атынан бөлімге жеткен алғыс хат арқылы аян етіледі.


Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің қызметшісі, подполковник Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқанда жол бойындағы кафеден шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер тоқтай қалып, бірден көмекке жүгіреді.


«Кафеде тек әйел адамдар ғана болды. Ең алдымен, түтіндеп жатқан ас үйге жүгірдім. Екі газ балонын далаға шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залы екен. Жиһазды шығардым, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», - дейді Бақыт Ташкенбаев.


Ұлттық ұланның әскери қызметшісі құтқарушылар жеткенге дейін өртті алғашқы сөндіру құралдарымен өз бетінше өшіріп, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатады. Өрт сөндіру командасы жеткеннен кейін де батылдығы мен кәсібилігін көрсетіп, көмегін жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады