Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сұйытылған газ бағасы жыл соңына дейін өзгере ме

Сұйытылған газдың бүгінгі нарықтағы бағасын жыл соңына дейін сақтап қалу жоспарланып отыр. Бұл туралы қаулыны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» сайтында талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

«Бұған дейін шектеу қойған бұйрықтың мерзімі 2022 жылы шілдеде аяқталады. Сұйытылған мұнай газ нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу енгізілсе, бағаның күрт өсуі мен қоғамда әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жыл соңына дейін сұйытылған мұнай газ бағасын қазіргі мөлшерде қалдыруды ұсынды», - делінген қаулыда.
 
Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында қазір көлік газының бағасы литріне – 70-75 теңге көлемінде. Ал, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге мөлшерінде. Ең төменгі баға Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында. 


Онда литрі – 50-55 теңге тұрады. Еске сала кетейік, жыл басында Үкімет шешімімен елімізде газ бағасына 180 күндік мораторий жарияланған болатын. Оған сай, сұйытылған отынның ең жоғары құны литріне 70-75 теңге болып бекітілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді