Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президентке экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөнінде ұсыныстар берілді

Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин есеп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан экономикасын монополиядан арылту жөніндегі реформалар аясында Агенттікке берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

С.Жұманғариннің айтуынша, прокуратура органдары мен Агенттік сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сататындардың қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 5,5 миллиард теңге қаржыға қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған. Автомобиль газын бөлшек саудаға шығаратын 193 сатушы мекемеге салынған айыппұл көлемі 103 миллион теңгені құрады.  Агенттіктің ұсынысы бойынша Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газын, бағаның 10 пайыздық шегін 3 пайызға дейін түсіруді қоса алғанда, электронды сауда алаңдары арқылы ұйымдастыру және сату тәртібіне өзгерістер енгізілді. 

Қазіргі уақытта «Eurotransit Nur Zholy», «Қазфосфат», «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне және «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. «ҚТЖ» ҰК», «Қазақтелеком», «Аймақ» ҚТА», «Транстелеком» сияқты  акционерлік қоғамдарда, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарын жалға беру қызметтеріне қатысты сауда нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтау үшін талдау жүргізілуде.

Президенттің монополиялық топтарға кешенді талдау жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы нарықтарын, теміржол көлігі, азаматтық авиация қызметтері, қоғамдық көлік, телекоммуникациялар, қаржы нарықтарын монополиядан арылту жөнінде ұсыныс берді. С.Жұманғарин негізгі тауар нарықтарын монополиядан арылтуға және бизнес үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталған Бәсекелестікті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеу барысы жөнінде де баяндады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы үшін бәсекелестікті дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп,  экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды және олардың сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді