Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын, – делінген Жарлық мәтінінде.
С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз