Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істей алады

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтандағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді. Тиісті құжат күшіне енді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес, қаланың қай аймағында орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналдарда «жасыл» статус болған жағдайда Ashyq жобасына мына нысандардың-қатысушылардың қызметіне рұқсат етілді:

1) йога орталықтары, фитнес-клубтар;

2) спа орталықтары;

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

4) PlayStation, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фуд, қоғамдық тамақтану нысандары, банкет залдары;

9) асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) өңіраралық және өңірішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) караоке;

15) көрмелер;

16) океанариум;

17) марафондар;

18) көрермендермен бірге өтетін спорттық іс-шаралар;

19) лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де орындары;

20) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);

21) цирктер;

22) отельдер, қонақ үйлер;

23) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

24) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

25) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;

26) сауда желілері (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес);

27) балаларды сауықтыру ұйымдары (қызметкерлер (персонал)үшін);

28 букмекерлік кеңселер;

29) Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

30) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар үшін);

31) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

32) білім беру ұйымдарында білім алушыларға арналған жатақханалар (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін);

33) діни нысандар;

34) ойын клубтары (казино);

35) түнгі клубтар;

36) «Қазпошта» АҚ бөлімшелері.

Бұл ретте, елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк, бильярд, қоғамдық тамақтану нысандары толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істей алады. Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді