Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: Мұнай күндердің күнінде таусылады. Біз балаларымыздың өзге салаларда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз қажет

28 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласының бір топ белсенді азаматымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Тұрғындар қаладағы ауыз су, жұмыссыздық, азық-түлік бағасы және т.б. әлеуметтік мәселелерді шешуді сұрады.
Жиын барысында облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2025 жылға дейінгі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіткенін атап өтті.
- Бес жылға жоспарланған жоба аясында облысқа 2,1 трлн теңге тартылады. Кешенді жоспар аясында инженерлік желілер, инфрақұрылым, ауыз су өндіретін зауыттар, заманауи мектептер мен спорт кешендерін салуға бағытталған барлығы 226 жоба іске асады. Бұл жұмыстар Жаңаөзен қаласын да жүзеге асырылатын болады,- деді Нұрлан Ноғаев.
Облыс әкімінің айтуынша Жаңаөзен қаласындағы білім мен денсаулық саласында да тың жобалар іске асырылады деп күтілуде.
- Нұр-Сұлтан қаласынан білім саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер тобы келіп, Жаңаөзен қаласындағы 10 мектепті сенімгерлікке аламыз деген ұсыныс жасады. Олар қаражатын өздері құяды, ішіндегі оқу әдістемелік құралдарын жаңадан жасақтап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс тобы сондай-ақ еліміздің үздік оқытушыларының тәжірибелерін алып келіп, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттырмақшы. 10 жыл бойы академялық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізіп, мемлекеттік стандарт бойынша білім мен тәрбие алатындай жағдай жасаймыз деді. Біздің мақсатымыз балаларымызға сапалы білім мен тәрбе беріп, болашақтарына сенім ұялатып, мұнай саласынан басқа да жаңа мамандықтарды бойларына сіңіру. Мұнай ертелі-кеш түгесіледі. Біз балаларымыздың өзге салаларда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сондай-ақ, «Самұрық қызына», «Қазмұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» компанияларының қаражатына тек мұнайшыларға емес, барлық тұрғындарға арналған ең озық үлгідегі медициналық оңалту орталығы (50 орындық) салынып жатыр. Онда әлемнің соңғы үлгідегі медициналық қондырғылары орнатылатын болады. Орталық осы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі, - деді облыс әкімі.
Жиын соңында аймақ басшысы айтылған өзекті мәселелер назарға алынып, өңірдің даму жоспарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді