Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вакциналауға жататын ересек тұрғындардың 80,2%-ы екпе алды — А. Ғиният

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният короновирус инфекциясымен күрес шаралары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясының «Омикрон» нұсқасының айналымы мен таралуынан туындаған аурудың өсуі әлемнің барлық елінде байқалады. ДДСҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 43-інде ауру өршуде. Жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды.

«Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет вирус жұқтыру жағдайларының тәуліктік тіркелуі 16 мыңнан асты, бұл “Омикрон” нұсқасының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел “қызыл” аймақта орналасқан», — деді А. Ғиният. 

Республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті. 

Сонымен қатар коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім азайды.

«Өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,5 есе азайды», — деді А. Ғиният. 

Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сырқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – 25 есе байқалады.

Өлім-жітім барлық өңірде төмен.

«КВИ-дің күрт өсуі республикадағы инфекциялық ауруханалардың толуына әсер етті. Соңғы айда инфекциялық төсек-орындар 18-ден 38%-ға дейін 2 есеге толды», — деді А. Ғиният. 

Оның айтуынша, төсек қорының 50%-дан астам науқастармен қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстарында анықталып отыр. 50%-дан астам реанимациялық төсектердің толуы Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.

«Өңірлер бойынша ауруханаларда төсек қорының қамтылу мәселесі тұрақты бақылауда. Төсек қорына 70%-дан жоғары жүктеме түскен кезінде өңірлерде халықтың коронавирус инфекциясы және басқа да елеулі аурулар бойынша медициналық көмекті уақытылы алмауына байланысты өлім-жітімнің жоғары болуына жол бермеуге бағытталған қосымша карантиндік шаралар сараланған түрде қабылданады», — деді А. Ғиният.

Вакциналау мәселесіне тоқталсақ, бүгінгі күні КВИ-ге қарсы вакцинаның 1-компонентімен 9,7 млн астам адам егілді, екінші компонентін 9 млн астам адам алды. 

Вакциналауға жататын ересек халықтың 80,2%-ы немесе Қазақстан Республикасы халқының 51%-ы бірінші компонентпен және 76,4% немесе 47% астамы екінші компонентпен қамтылған.

Еліміздің екі өңірінде — Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакциналаумен қамту 60%-дан төмен болып отыр.

Вакциналауға жататын контингентті — жасөспірімдерді, жүкті және жас аналарды «Pfizer» вакцинасының 1-компонентімен вакциналау 28,2%-ды, 2-компонентімен вакциналау 15%-ды құрады.

Жалпы вакциналау қарқыны қараша айында 7 мың болса, қаңтар айында вакцина алған адамдардың саны 30 мыңға дейін өсті. 

Халықты ревакциналау белсенді түрде жалғасуда және қамту 37%-ды құрады.

«Барлық өңірлерде ревакциналау қарқынының оң динамикасын атап өткім келеді, бұл жұмысты жалғастыру қажет. Бірінші кезекте 60 жастан асқан адамдарды вакциналау мен ревакциналау тиімді, өйткені аса ауыр жағдайда реанимацияда жатқан 126 пациенттің 60%-ынан астамы 60 жастан асқан егде адамдар», — деді А. Ғиният.

Елімізде коронавирус инфекциясымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айта келе, министр бірінші кезекте білім беру мекемелеріндегі жағдайға тоқталып өтті.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып және елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты:

Бірінші: Білім және ғылым министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсынымдары бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды.

Мәселен, министрдің айтуынша, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және 600 оқушыға дейін оқитын мектептер штаттық форматта жұмыс істейді. 

600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында оқушылар саны 50%-дан аспауы керек, бастауыш мектеп оқушылары штаттық режимде білім алады.

Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакциналаумен қамту деңгейі ескеріледі.

Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: лекциялар – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді.

«Бұған қоса, балалардың арасында да ЖРВИ мен КВИ-ден сырқаттанушылықтың 1,3 есе көбейіп отырғанын ескеріп, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуына мониторингті жалғастыратынын және бұзушылықтар анықталған жағдайда, оқыту онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өткен жөн», — деді А. Ғиният.

Осыған байланысты, министрдің айтуынша, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет. 

Екінші, «Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және «Ashyq»-тағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды.

Сонымен, жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады.

Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.

Бұл өлшем-шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен «Ashyq»-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты. 

Үшінші, Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияда бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдері қаралды және мақұлданды. Атап айтсақ:

  • Бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғастырылады;
  • «Жасыл» және «көк» мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады;
  • Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан, «Ashyq»-та тек жасыл мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі. Спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық объектілерінің, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды;
  • Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, темір жол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеулерсіз кіруге рұқсат етіледі.

«Көк» мәртебесі бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар объектілер үшін:

  • «жасыл» аймақта шектеулер алынып тасталады;
  • «сары» аймақта 70%-ға дейін, «қызыл» аймақта 60%-ға дейін ресторандар, мәдени объектілер, балалар мен ересектерге арналған ойын және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды. 

«Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық салаларында карантиндік шаралардың мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ. Бұл өз кезегінде белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін орындау жолында бизнестің ерекше жауапкершілігі мен адалдығына сенімді арттырады», — деді А. Ғиният.

Ал егер, денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің арту қаупі туғанда және коронавирус инфекциясынан өлім-жітім артса, қосымша шектеу шаралары енгізіледі. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді