Бүгінде ел ауқымында локдаунды енгізу жоспарланған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Алдағы уақытта шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып қолданылатын болады.
Қазақстанда да "Омикрон" тез таралуда және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел "қызыл" аймақта орналасқан.
Соңғы айда коронавирустық инфекциямен ауыру 19,6 есе, репродуктивті сан 2,1 есе, COVID-19 — ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе артып, тәулігіне 50 мың тестке жетті.
Соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайды. Өсу үрдісі жоқ. Соңғы айда стационарларда ем алатын пациенттер саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есеге артты.
19-01-2022, 11:30
Қазақстанда локдаунды енгізу қарастырылмайды – А. Ғиният
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз