Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талғарда қаза тапқан жігіттің әпкесі Тоқаевтан көмек сұрады

Биыл қазанда Талғардағы Менделеев көшесінде полицейлер қағып кеткен 18 жастағы жігіттің әпкесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне-үндеу жазып, оны Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз полиция қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатып, інісін қағып өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткенін айтты. Оның айтуынша, оқиға кезінде көлікте тағы бір адам болған. Ол - Талғар мектептерінің бірінің АӘД оқытушысы.

"Қылмыскердің балаларға бірдеңе үйрете алатындай моральдық құқығы бар ма деген сұрақ туындайды. Ең сорақысы - олар қылмыс ізін жасырып, сынған әйнекті алып тастауы. Інімнің орнында кез келген басқа оқушы болуы мүмкін", - деді марқұмның әпкесі.

Қыз қайғылы жағдайға дейін полиция қызметкері қатты мас болғанын айтты. Оның айтуынша, осындай жағдайда бола тұра, оның рөлге неге отырғанын түсінбейді. Марқұмның әпкесі полиция қызметкерлерінің жазасыз қалғанына наразы.

"Қазір біз полиция қызметкерлері заңды жақсы біле тұра, оны бұзып, жазасыз қалатын елде тұрамыз. Кінәліні қатаң түрде жазалауды және қылмысты жасырғаны үшін екінші айыпталушыны жауапқа тартуды талап етеміз. Бұл істі жеке бақылауыңызға алуды сұраймыз", - деді өтініш авторы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты