Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда қазандықтар жұмысы тексерістен өткізілуде

Ағымдағы жылы аймақты жылумен қамтудың 5 жобасын іске асыруға бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаржы есебінен Талдықорған қаласындағы №2 және №5 кварталдық қазандық, Ескелді ауданындағы орталық қазандық табиғи газға ауыстырылуда. Қазандықтарды электрмен және газбен қамту жұмысы аяқталды. Ал Текелі қаласының "Достық", "Алатау" шағынауданының жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 78 қазандықты күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарланған. Жылыту маусымына бюджеттік ұйымдар үшін сатып алынған 26,2 млн. литр дизель тиісті орнына жеткізілуде. Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдар үшін 23,9 мың. тонна көмір сатып алуға бюджеттен 705,9 млн. теңге бөлінген. Жылыту маусымына тұрғындар үшін көмір қажеттілігі 1,37 млн. тоннаны құрайды. Бүгінгі күнде оның дені тұрғындарға жеткізілді. Облыс бойынша 3581 қөпқабатты тұрғын үйдің 2100-і орталық жылытумен қамтылады. Қазіргі таңда оның 2099-і техникалық тексеруден өтіп, 1549-ның жылу желісі жөнделген.

Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысы облыс орталығы Талдықорған қаласында да қарқынды жүргізілді. Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысы Нұрым Алиұлының айтуынша, облыс орталығында жалпы 71 әлеуметтік сала объектісі бар. Оның 46-сы білім беру мекемесінің 37-сі орталықтандырылған жылуға қосылған, 9-ы автономды жылуға ие. 11 денсаулық сақтау объектісінің 4-і, 14 мәдениет мекемесінің 4-і орталықтандырылған жылуға қосылған. Бюджеттік мекемелердің қатты және сұйық отын дайындау ісі де негізінен орындалған. Айталық, «Шарур логистик» ЖК мәдениет мекемелері бойынша жоспардағы 53 тонна, №1 емхана бойынша жоспарланған 121 тонна, № 2 емхана бойынша жоспарланған 30 тонна қатты отын толықтай жеткізілген. Ал «Рустамов» ЖК білім беру саласы бойынша жоспарланған 96 тонна сұйық отынды, 830 тонна қатты отынды тасымалдау жұмысын толық аяқтаған.

Жылыту маусымына дайындық штаттық режимде үзіліссіз жүруде. Кейінгі жылдары қаладағы қазандықтарды күрделі және ағымдағы жөндеу мен табиғи газға ауыстыру қарқынды жүргізілуде. Айталық, «Жетісу» шағынауданында орналасқан №1 квартал қазандығы қайта жаңғыртылып, 2013 жылы пайдалануға берілді. Бүгінде онда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазандықтың жұмысын қайта құруға өткен жылы 637 млн.теңге, биыл 436,8 млн. теңге бөлінді. Қазандықтар табиғи газ және мазутты отын ретінде пайдаланады. Екі қабатты ғимаратқа орналасып, айналасы абаттандырылылған жылыту қазандығы 112 жүктеме үй, 70 көп қабатты тұрғын үй, 8 бюджеттік ұйым, 97 басқа тұтынушылардың үйлерін жылатады.

Алдабергенов пен Төлебаев көшесінің қиылысында орналасқан № 2 қазандық 2009 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген. Биыл аталған қазандыққа Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Мердігер - "АзияЭнергоПроект Монтаж" ЖШС. Жобаның құны 1,893 млрд. теңге, конкурс қорытындысы бойынша 1834 млрд.теңге сомасына ҚМЖ шарты жасалған. Негізгі отын ретінде газ және резервтік сұйық отын М100 маркалы мазутты пайдаланады. Екі қабатты ғимаратта орналасқан нысанда 2 (КВГМ– 16,5-150) қазандық бар. Қайта құруға дейінгі қуаты 21 Гкал/сағ болса, жаңартудан кейінгі қуаты 42,5 Гкал / сағ. жетпек. Аталған қазандық 135 жүктеме үй, 35 бюджеттік ұйым, 117 басқа тұтынушылардың үйлерін жылытады.

№3 қазандыққа өткен жылы 976 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Бүгінде 28 адам жұмыс істейді. Екі қабатты ғимаратта орналасқан нысанда қуаты 28,4 Гкал/сағ жылу беретін 2 (КВ-ГМ-20-150) қазандық бар. Осы арқылы 44 жүктеме үй, 20 көпқабатты тұрғын үй, 9 бюджеттік ұйым, 32 басқа тұтынушылар жылумен қамтамасыз етіледі. Жылыту маусымына 4894,7 мың текше метр табиғи газ кетеді. Жылыту желісі 12,8 шақырымды құрайды.

«Шығыс» шағын ауданындағы № 5 қазандық 2015 жыл пайдалануға берілді. Биыл Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық бөлімі тарапынан экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Мердігер "АзияЭнергоПроект Монтаж" ЖШС жүргізетін жобаның жалпы құны 712 млн. теңгені құрайды. Онда КВр-6, 8-115 маркалы 3 су жылыту қазандығы, КВр-1,74-115 маркалы 1 су жылыту қазандығы бар. Қазандықтың жаңартылғаннан кейінгі қуаты 19,5 Гкал/сағ-қа жетеді. Осы арқылы 32 жүктеме үй, 1167 пәтер, 25 бюджеттік ұйым, 2 басқа тұтынушылардың қыстан қысылмай шығуына жағдай жасалмақ.

Демек, биыл тұтас қала жаңартылған қазандықтар бойынша жылытылады.


Талдықорған қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді